Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!

Аудандық  мәслихат  депутаттарының  есіне!

 «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік   басқару және өзін-өзі басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының 19 бабының        3-тармағының 1-1) тармақшасына   сәйкес  аудандық  мәслихат    хатшысы  2022   жылғы    наурыз айының  30-ы  күні  сағат  10.00-де  аудандық  әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс              17 сессиясын   және 2022 жылғы наурыз айының 31-і  күні сағат 10.00-де  аудандық  әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық  мәслихаттың кезектен тыс 18 сессиясын шақыру  туралы  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.

 Кезектен тыс 17 сессияның  қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

1. «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №14-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Басқа да мәселелер.

Кезектен тыс 18 сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:

1. «2022-2024 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №15-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Басқа да мәселелер.

Аудандық  мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының  бірлескен  мәжілістері  2022 жылғы  наурыз айының 30-ы күні сағат 09.00-де  және      2022 жылғы наурыз айының 31-і күні сағат 09.00-де өткізіледі.

 

Жылыой  аудандық  мәслихаты

Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
Дата публикации
28 марта 2022