Атырау облысы «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың  I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы талдамалық анықтама

 «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20. Тел:8(71237) 50639, 50134

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:

- бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар мен олқылықтар нормаларын анықталмады. Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша жалпы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-3, нақты жұмыс жасап отырғаны – 3. Бөлім басшысы – 1; бас маман – 2.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.  Бөлім спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бөлім қызметкерлері жылдық табыстары, дүние мүліктері жөнінде Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жылына бір рет декларация тапсырып отырады.

2022 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер түспеді.

«Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен арыз-шағымдар өз уақытында қаралып, жауаптары беріліп, қанағаттандырылып келеді.

«Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 1 аудандық мәдениет үйі және 11 кітапхана бар.

«Кең Жылыой» аудандық мәдениет үйінде штат саны – 78, нақты жұмыс жасайтыны – 72, бос орындар саны – 6.

Аудандық орталық кітапханада штат саны - 79, бос орындар жоқ.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орналастырылған.

 2022 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік әкімшілік қызметке қызметшілер қабылданбады.

2022 жылдың I жартыжылдығында 1 мемлекеттік қызметкер Жылыой ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №504 «Жылыой ауданы жергілікті атқарушы органдарының штат саны лимиттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес және 1 мемлекеттік қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылды.

2022 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданылған жоқ.

2022 жылдың I жартыжылдығында «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, бөлімге қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтар болған жоқ.

Атырау облысы «Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылдың I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы талдамалық анықтама
Дата публикации
10 марта 2022