Аудандық мәслихат депутаттарының есіне!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат хатшысы 2022 жылғы наурыз айының 25-і күні сағат 10.30-да аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезекті 16 сессиясын шақыру туралы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізілді:
1. Жылыой ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының 2021 жылғы даму қорытындылары және 2022 жылғы іс-қимылдары жөніндегі аудан әкімінің есебі туралы.
2. 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы Жылыой аудандық мәслихат хатшысының есебі.
3. Жылыой ауданындағы елді мекендерді электр қуатымен қамтамасыз етудің жайы және оны жақсарту шаралары туралы.
4. 2021-2025 жылдарға арналған Жылыой ауданын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы туралы.
Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2022 жылғы наурыз айының 25-і күні сағат 09.00-де өткізіледі.
Жылыой аудандық мәслихаты