Атырау облысы Жылыой ауданы «Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Атырау облысы  Жылыой ауданы  «Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат

Қосшағыл ауылы, Абылайхан көшесі №12, тел: 8(71237) 28338

«Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында ауыл әкімінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №03-ө өкімімен жұмыс тобы құрылған.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2021 жылдың 12 (он екі) ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Қосшағыл ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-7, нақты жұмыс істейтіндер саны-7, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар-жоқ, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар-жоқ. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

2021 жылдың 12 (он екі)  айы қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан жер мәселесіне қатысты 105 (жүз бес) өтініш түсті. Жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді. Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 457 тұрғын ЭЦҚ алса, мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы), жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы, психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру, наркологиялық ұйымынан анықтама алу,электронды өтініш(мүгедекке қажетті құралдар алу),қайтыс болу туралы куәлікке тапсыру,жұмыссыз ретінде азаматтарды тіркеу,бала тууды тіркеу т.б. қызметтер 340, жалпы барлығы 797 қызмет  көрсетілді.   

Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Ауыл әкімі аппараты  ғимаратында  тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін салуға арналған арнайы жәшіктер мен телефондарды сақтауға арналған шкафтар орнатылған. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланған жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік мекемеде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнамалар жүргізілді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады деген шешімге келді.

Атырау облысы Жылыой ауданы «Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат
Дата публикации
14 января 2022