Жылыой аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Жылыой аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру

Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Атауы: Жылыой ауданының Қоғамдық кеңесі.

Пошталық мекен-жайы: индекс – 060100, «Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» ММ, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26, №3 кабинет. Байланыс телефондары: 8 71 237 5-14-62, 5-13-99

Электрондық мекенжайлар: Zhylyoi_maslihat2014@mail.ru; a.shagataeva@maslihat-zhylyoi.gov.kz

Құжаттарды ұсыну кезеңі: құжаттар осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады.2022 жылғы «22» ақпан – «5» наурыз аралығында

Сағат 08:30-ден 18:00 дейін, үзіліс 12:30-тен 14:00 дейін

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

  1. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы-15.

Жылыой аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
22 февраля 2022