Жылыой аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ШЕШІМІ
Құлсары қаласы 18 ақпан 2022 жыл
Жылыой аудандық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №69 бұйрығына сәйкес
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жұмыс тобының құрамы төмендегідей құрамда сайланды:
Таласов Сайлаубай Сұлтанғалиұлы- Жылыой аудандық мәслихатының хатшысы;
Шағатаева Алмаш Сайлауқызы- Жылыой аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері;
Сабирова Айгүл Сағынқызы – Жылыой аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;
Суйембаев Нурбай Нурханович –зейнеткер, өзін-өзі ұсыну арқылы;
Кенжегалиев Сайлаугали Имангалиевич – жеке кәсіпкер, өзін-өзі ұсыну арқылы;
Ураков Канат Тынышбекович –– Жастар ресурсы орталығында маман, өзін-өзі ұсыну арқылы;
Машенова Молдир Амангелдиевна - «Nur Otan» партиясы Жылыой аудандық филиалының мүшесі;
Махамбет Жеңіс Махамбетұлы -Қара Арна ауылдық округі «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы;
Мынжасаров Амангельди Куздебаевич –Жылыой ауданы филиалы мүгедектер қоғам бірлестігінің төрағасы;
2. Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 мүше болып белгіленсін. Мемлекеттік орган атынан өкілдер кеңес құрамының үштен бірінен аспауы және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар кеңестің жалпы санының үштен екісінен кем емес көлемде болуы тиіс.
3. Жұмыс тобының басшысы болып Н.Сүйембаев, хатшысы болып А.Шағатаева тағайындалсын.
4. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру Жылыой ауданы мәслихатының интернет-ресурсына және «Кең Жылой» газетіне жариялансын. Келіп түскен құжаттар сарапталып, заңда белгіленген мерзім ішінде конкурс өткізілсін.
Мәслихат хатшысы С.Таласов