2021 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША Қосшағыл АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНда КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандарттары мен регламенттері әкімшілік ғимаратының қол жетімді жеріне орналастырылған.
Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 249 тұрғын ЭЦҚ алса, мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы, жылжымайтын мүліктің болмауы(болуы), жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы, психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру, наркологиялық ұйымынан анықтама алу,электронды өтініш(мүгедекке қажетті құралдар алу),қайтыс болу туралы куәлікке тапсыру,жұмыссыз ретінде азаматтарды тіркеу,бала тууды тіркеу т.б. қызметтер 548, жалпы барлығы 797 қызмет көрсетілді.
Халық арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтердің танымдылығын арттыру мақсатында ауылдық округтің әлеуметтік желісіне тоқсан сайын бейнеролик жүктелді. Жалпы округ бойынша әлеуметтік желі арқылы 1 тікелей эфир өткізілді.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес округте 2 жәрмеңке өткізілді.
Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Алдағы уақытта да халыққа мемлекеттік қызметті көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету басты назарда болады.
«Қосшағыл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі