2021 жылғы 07 желтоқсанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың талаптарын сақтай отырып, Жылыой ауданы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері қатынасты.
Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2021 жыл қорытындысымен ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсуіне итермелейтін себептер мен жағдайларын анықтау, зерделеу және алдағы уақытта жою шаралары туралы, бөтен мүлікті ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды жетілдіру туралы және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және жұмысқа орналастыру туралы.
Комиссия отырысы барысында Жылыой аудандық орталық ауруханасының жанынан уақытша оқшаулау және уытсыздандыру орталығын ашу жолдарын қарастыру, пәтер ұрлығы, алаяқтардың арбауына түспеу, алданбау бағытында түсіндірме жұмыстар аудан әкімдігінің, zello kulsary әлеуметтік желілерінде кеңінен жариялану, бөтеннің мүлкін ұрлауды алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы баннерлер, пилондар, билбордтарды тұрғын үй кварталдарында және қоғамдық орындарда орнату, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру, яғни белгілеу және таңбалау жүйелі түрде жүргізу,
шаруа қожалықтарының басшыларына өздерінің ірі қара малдарына шағылыстыратын көкірекше тағып, GPS-трекерлермен чип қондыру туралы түсіндірме жұмыстары жалғастыру, аудан аумағындағы мал сою орындарының аймағын түгел бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету жолдары қарастыру,
иесіз жүрген барлық ауыл шаруашылығы жануарларын қамауға арналған қосымша қоражайларды ауылдық округтерде ашу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты тұлғаларға тапсырмалар беріліп, хаттамада көрсетілді.