ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ 2021 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

 ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ 2021 ЖЫЛЫ  АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

           Жылыой ауданы әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы №8-ө өкімімен аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясын атқару аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелген.

           2021 жылдың қорытындысымен 48 жеке консультативтік көмек көрсетілсе, оның ішінде 19-ы мемлекеттік қызметшілер, 8-і жеке және заңды тұлғалар. 12 азаматқа жеке қабылдаулар жүргізілді, шығу кездесулеріндегі жеке қабылдауға 9 азамат қамтылды.

           Мемлекеттік қызметшілер тарапынан басқа лауазымға ауысу, балаларын бала-бақшаға кезексіз орналастыру, қашықтан жұмыс жасау, мемлекеттік қызметшілердің қысқарту мәселелері бойынша сұрақтар туындап, заң жүзінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

           Жеке және заңды тұлғалардың көпшілігі әлеуметтік мәселе бойынша (су, газ, тоқ, тұрғын үй мәселелері) бойынша жүгінді. Дер кезінде тиісті сала қызметкерлеріне шығу арқылы оларға түсіндіріліп, кейбіріне көмек көрсетілді.

           Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жүгінген тұлғалар болған жоқ. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкілдің фейсбук парақшасында және БАҚ-да жұмыс жоспарына сәйкес атқарылған барлық шаралар жарық көріп келеді.

           Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша  53 түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 13 дәріс пен семинар өткізіліп, БАҚ пен әлеуметтік желіге 4 бейнесюжет 3 мақала жүктелді. Интернет ресурста 33 мақала жарық көрді.

           Өткен жылы Әдеп жөніндегі уәкілмен «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарды онлайн форматта қабылдау жүргізілді.  Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануларына жағдай жасау мақсатында көшпелі кітапхана ұйымдастырылды.

           ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында «Әдептілік дәстүрден», «Үкілі домбыра» сайыстары ұйымдастырылды.  «Отбасы үйім-отбасым тірегім» атты байқауға  мемлекеттік  қызметші туралы шағын сюжет дайындалды.

           Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметтегі тәуелсіздіктің құрдастарының ішінен  мемлекеттік қызметшінің 1 күні атты бейнеролик дайындалып, әлеуметтік желіде  жарияланды.

Сонымен қатар, аудан әкімдігіне қарасты ұжымдағы моралдық-психологиялық ахуалдың жәй-күйін мониторингілеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізіліп осы (жыл қорытындысымен 243 мемлекеттік қызметкер қатысты), нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің басшыға деген сенімін арттыру, демалыс, мереке күндері жұмысқа тартылған қызметкерлерге күндерін немесе қосымша ақы төлеу мәселері талқыланып, түсіндірілді.

Ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін 80 қызметкер әртүрлі көтермелеулерге ұсынылып, марапатталды.

Күні бүгінде әдеп жөніндегі уәкілге жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

 

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ 2021 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ
Дата публикации
07 февраля 2022