Мемлекеттік орган жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат
Жылыой ауданы әкімі аппараты басшысының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №35 н/қ «2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардық сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» және 2021 жылғы 14 мамырдағы №20 н/қ «Жылыой ауданы әкімі аппараты басшысының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №35 н/қ «2021 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамалардық сақталуы бойынша бақылау іс-шаралары жоспарын бекіту туралы» бұйрығана өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтарына сәйкес 5 ауылдық округтерінде, 1 кентте және 4 бөлімде тексеріс жүргізілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағытындағы 2 ауылдық округте заң бұзушылық анықталды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудағы жүргізу аясында ұсыныстар берілді.