2021 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБІ

2021 ЖЫЛДЫҢ  ҚОРЫТЫНДЫСЫ  БОЙЫНША  ЖЕМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНда КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЕСЕБі

2021 жылы  «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»  арқылы алынған  мемлекеттік көрсетілетін қызмет саны 596, оның ішінде  ЭСҚ алғандар саны- 210 .

Халық арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтердің танымдылығын арттыру мақсатында аудандық «Кең Жылыой» газетіне (26.032021 жыл «Өзіңе-өзің қызмет көрсет» №12(7956), «Алтын уақытыңызды үнемдеңіз»  22.06.2021 жыл №25(7969),   «Уақытыңызды портал ұтымды үнемдейді» 28.09.2021ж.№39(7983)) мақала жарияланды.

«Адал көмек» жобасы аясында Электрондық үкімет вебпорталынан мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру тақырыбында 14 мамырда             Жем ауылдық округі әкімі Д.Айтпенбетпен тікелей эфир өткізілді.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  жәрмеңкелер өткізу жөніндегі бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес округте   2021 жылы  26 мамыр және 8 желтоқсанда аудандық дербес бөлімдер мамандарының қатысуымен  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша  жәрмеңке өткізілді.

2021 жылы  4 тамызда  « Egov.kz » порталынан  электронды санды қолтаңба арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа үйрету мақсатында Наркологиялық ұйымнан анықтама алу туралы нұсқаулық(видеоролик) әлеуметтік желіге жарияланды.

Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге  қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Алдағы уақытта да халыққа мемлекеттік қызметті көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету  басты назарда болады.

Дата публикации
25 января 2022