«ҚАРА АРНА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2021 ЖЫЛға СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ талдамалық Анықтама
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылғы 18 маусымдағы №24-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Атырау облысы, Жылыой ауданы «Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысшы тобы 2021 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Ботай Нұрмағанбетов көшесі №374 үй тел:871237/226345/; /26045/ орналасқан.
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны– 5, нақты жұмыс істейтіндер саны – 4, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – жоқ, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – жоқ.
Оның ішінде: ауыл әкімі -1 бірлік; бас маман -4 бірлік.
«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің кестесіне сәйкес, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отырады.
Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер тіркелмеген.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 23. Өтініштердің басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты. Өтініштер уақытылы қаралып, заң бойынша қанағаттандырылуда. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 30 шешім, 29 өкім қабылданды.
Округ әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 949 қызмет атқарылды. Оның ішінде: электрондық цифрлық қолтаңба алу- 295, соттылығы жоқ туралы анықтама-80, БЖЗҚ анықтама-60, наркологиялық ұйымнан анықтама -70, психоневрологиялық ұйымнан анықтама-72, жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама -14, бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы-9, бала күтіміне берілетін 1 жасқа дейін жәрдемақы-9.
«Электрондық үкімет» веб-порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру тақырыбында әлеуметтік желі (qara_arna_akimi_apparaty) арқылы тұрғындарды онлайн түрде қабылдап, сұрақтарға жауап берілді. Аудандық «Кең Жылой» газетінің 2021 жылғы 23 ақпандағы №8 (7952) , 2021 жылғы 08 маусымдағы №23 (7967) санына «Халыққа қызмет электронды түрде»; 13 мамырдағы №19 (7963) санына «Әлеуметтік порталының мақсаты-мүгедек тұлғаларды қамтамасыз ету»; 2021 жылғы 7 қыркүйектегі №36 (7980) санына «Халыққа қызмет электронды түрде»; 2021 жылғы 23 қарашадағы №47 (7991) санына «Барлық қызмет-электронды түрде» тақырыбында мақалалар жарияланды.
Әкім аппараты ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Адал жүріп, адал тұр», «Пара берме, Пара алма», «Шыншылдық адалдықпен ағзалас», «Барлығы әшкере болады. Сыбайлас жемқорлық жазаланады», «Болашағыңа балта шаппа, Жемқорлықтың жібін үз», атты жаднамалар ілінген және бұл жадынамалар ауыл тұрғындарына таратылып отырады.
Шоқпартоғай ауылының орталық көшесіне Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің CALL орталығының 1424 қоңырау нөмірі көрсетілген баннер орналастырылған.
«Кең Жылой» газетінің 2021 жылғы 13 мамырдағы №19 (7963) номеріне «Жең ұшынан жалғасатын жемқорлық жойылсын» атты мақала жарияланды.
«Адал көмек» жобасы аясында төрт рет әлеуметтік желі (qara_arna_akimi_apparaty) арқылы тұрғындарды онлайн түрде қабылдап, сұрақтарға жауап берілді.
Тұрмыстық жемқорлықтың алдын-алу мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес округ әкімі Е.Елеусинов Жаңа Қаратон кенті және Қосшағыл, Ақкиізтоғай, Жем, Майкөмген, Қара Арна ауылдық округ мамандарымен «ZOOM» платформасы арқылы бейне конференциялар өткізілді.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сенім телефондары көрнекі орынға орналастырылған.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланбаған.
Прокурорлық қадағалау актілері, наразылық, ұсынымдар келіп түспеген. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталмаған. Мемлекеттік қызметшілерден, жоғарғы органдардан және басқа да мекемелерден шағым түспеген.