2021 жылдың қорытындысы бойынша Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

2021 жылдың қорытындысы бойынша Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында жыл ішінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 153 қызмет көрсетілді. Тұрғындар ЭСҚ алу, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру, жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы, психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру, наркологиялық ұйымынан анықтама алу, алғашқы көмек көрсететін медициналық-санитарлық ұйымдарға тіркеу, туу туралы куәлік алу, некеге тіркеу,  жұмыссыз ретінде азаматтарды тіркеу туралы т.б. қызмет түрлерін алды.

Желтоқсан айында жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi онлайн түрінде өткiзiлдi. Жәрмеңкеге қатысқан әр сала мамандары тұрғындар сауалдарына  жауап берді.

Халыққа электронды түрде алынатын мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беру, қызметтердің танымдылығын арттыру мақсатында аудандық «Кең Жылыой» газетіне мақала, хабарлама  жарияланды. Сонымен бірге, үй-үйді аралап, электронды үкімет порталының пайдаланушысына арналған Ескертпе нұсқаулықтар таратылды. Округ бойынша түсіндірме жұмыстары кең көлемде жүргізіліп отыр.

Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Алдағы уақытта да көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, қызмет алушыларға тиімді жағдай жасау бағытындағы жұмыстар басты назарда болады.

Дата публикации
25 января 2022