Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2021 жылдың 12 айлық мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары қорытындыланды.
Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 26 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар: азаматтық хал актілерін тіркеу аясында, халықты әлеуметтік қорғау саласында және жұмыссыздық бойынша көрсетілетін қызметтер.
2021 жыл қорытындысы бойынша бөлімде 16397 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4571, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-4548, электрондық түрде «Е-лицензиялау» АЖ –і арқылы-6594 және қағаз түрінде – 684 құжат қабылданған.
Мемлекеттік қызмет көрсету аясында бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және түсіндірме іс –шарасын жүргізу мақсатында «Халыққа қызмет көрсету Орталығының» қызметкерлерімен бірігіп 5 - дөңгелек үстел үйымдастырылған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына – 18 мақала, бөлімнің әлеуметтік желілеріне – 36 хабарлама, видео роликтер жарияланған. Бөлім басшысы және бөлім қызметкерлерімен – 16 тікелей байланыс арқылы, қоғамдық қабылдау және аумақтық елді мекендердерде мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкелері ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, бөлімнің көрнекті жерлерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен мемлекеттік қызмет көрсету инфографикалары орналастырылып, қолжетімділік қалыптастырылған.
Бұдан бөлек, бөлімде «өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылып, 2021 жылы 800-жуық азамат әр-түрлі қызмет түрлерін алған.