АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ, «ЖЕМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2021 жылдың 6 ай қорытындысымен СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Жем ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында округ әкімінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №3-ө өкімімен жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Жем ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-7, нақты жұмыс істейтіндер саны-7, 1- уақытша (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болуына орай) теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ, ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар және мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар жоқ.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.
Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.
2021 жылдың 6 ай қорытындысымен жер мәселелеріне қатысты жеке тұлғалардан 63 өтініш, заңды тұлғалардан 1 өтініш түсті. Жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі.
Жыл басынан бері 24 шешім және 29 негізгі қызмет бойынша өкімдер қабылданды.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді. Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
2021 жылдың 6 бойынша 318 электрондық қызмет көрсетілді (ЭСҚ өтініш- 93, Зейнетақы аударымдары туралы анықтама – 20, сотталғандығы болуы немесе болмауы туралы анықтама – 32, наркологиялық ұйымнан анықтама – 34, психоневрологиялық ұйымнан анықтама – 34, жұмыссыздыққа тіркеу – 23, медициналық ұйымға тіркеу – 60, туберкулезге қарсы диспансерден анықтама – 5, балабақшаға кезекке тіркеу – 4, жұмыссыз анықтамасын алу – 3, ЭСҚ мерзімін ұзарту – 2, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама – 1, ЭСҚ өтініш заңды тұлға – 2, мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу – 2, бала тууды тіркеу – 1, ЖСН тіркеу – 1;)
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері әкімшілік ғимаратында қолжетімді жерге ілінген және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіліп отыр. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Адал көмек» жобасы аясында әлеуметтік парақшада онлайн форматта 3 тікелей эфир өткізілді. Жем ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
Ауыл әкімі аппараты ғимаратында тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін салуға арналған арнайы жәшіктер мен телефондарды сақтауға арналған шкафтар орнатылған. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланған жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Жем ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады деген шешімге келді.