ХАБАР

ХАБАР

 2021 жылғы 25 шілдеде Жылыой ауданының Қосшағыл және Қара Арна  сайлау округтері бойынша округ әкімдерінің сайлауы өтті.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Қосшағыл және Қара Арна ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

        

Қосшағыл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Қосшағыл сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2607 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 2072. Жарамсыз бюллетеньдер саны 5, «бәріне қарсымын» белгісіне белгіленгендер саны - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

С.Ж.Баселовқа - 1476; Қ.Н.Жұмановаға - 390; І.С.Таубаеваға-194.

Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болып  1989 жылы туған, Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, Қосшағыл ауылының  тұрғыны, «Nur Otan» партиясымен ұсынған Баселов Саян Жұмабекұлы сайланды,        

 

Қара Арна ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі Қара Арна сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1749 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1445. Жарамсыз бюллетеньдер саны 7, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгіленгендер саны - 19.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Е.Қ.Елеусиновқа - 832;  Ж.Б.Иманбаевқа - 219;  З.Т.Нұрғазиеваға- 368.

Қара Арна ауылдық округінің әкімі болып 1961 жылы туған, Қара Арна ауылдық округінің әкімі, Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, «Nur Otan»  партиясымен ұсынған Елеусинов Ерболат Құлхайұлы сайланды.  

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45 бабына сәйкес, 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған   Қосшағыл ауылдық округі әкімі болып  Баселов Саян Жұмабекұлын және Қара Арна ауылдық округі әкімі болып Елеусинов Ербулат Құлхайұлын  тіркеді.

Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАР
Дата публикации
27 июля 2021