Жылыой ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы №8-1 «Жылыой ауданы мәслихатының «2020 жылғы 21 желтоқсандағы №55-1 «2021– 2023 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа-Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32 – бабына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 «Бюджеттік бағралламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (Қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына және Жылыой ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 маусымдағы №8-1 «Жылыой аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №LV сессиясының №55-1 «2021-2023 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа-Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
2021-2023 жылдарға арналған Қосшағыл ауылдық округі әкімінің бюджеті 1,2,3 қосымшаларына сәйкес 2021 жылғы мынадай көлемде өзгерістер енгізілсін:
Бос қалдық есебінен 0,0 мың теңге;
Кіріс бөлімі 1080,0 мың теңге, оның ішінде;
402301 Трансферттер есебінен 1080 мың теңге, оның ішінде:
Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі арқылы берілетін трансферттер (-) 509,0 мың теңге;
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобтльдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы берілетін трансферттер 1589,0 мың теңге;
Шығыс бөлімі: 1080 мың теңге бөлу, оның ішінде:
124001 «Аудандық маңызы бар, қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»
028 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен» (-) 509,0 мың теңге;
124008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» 3500,0 мың теңге;
124009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету»
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» (-) 1911,0 мың теңге;
Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуы мен тиімді игерілуі қамтамасыз етілсін.
«Электрондық Үкіметінің» (http://egov.kz), Атырау облысы әкімдігінің (http://www.www.gov.kz) веб-порталында және интерактивтік картаның (http://admin.publicbudgetget.kz) сайтында бюджеттік бағдарламалардың орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
Ауылдық округ әкімінің
уақытша міндетін атқарушы А.Бозданова