Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАТТАМАСЫ №3
Құлсары қаласы 30 маусым 2021 ж.
Күн тәртібінде:
Қосшағыл №105 учаскелік сайлау комиссиясының
мүшесі К.Н.Жұманованың арызы туралы .
Комиссия отырысына комиссия төрайымы З.Т.Калмуханова, комиссия төрайымы орынбасары Ж.Б.Шиганбаева, комиссия хатшысы Станова Г.К. және мүшелері А.Бөлекбай, К.Мендикулова, Бертлеуов Ж.Н., Н.Н.Сүйембаевтар қатынасты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша комиссия хатшысы Г.К.Станова:
Қосшағыл учаскелік сайлау комиссиясы мүшесі К.Н.Жұманова 25 шілде 2021 жылғы селолық округ әкімдерінің сайлауына «АУЫЛ» партиясынан тізімге енуіне байланысты, учаскелік сайлау комиссия мүшелігінен шеттеуді сұраған арызы түскенін хабарлады.
З.Т.Калмуханова – комиссия төрайымы:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20 бабына сәйкес, «АУЫЛ» партиясы партиялық тізімге енуіне байланысты Жылыой ауданы №105 учаскелік сайлау комиссиясы мүшесі Жуманова Қ.Н. комиссия мүшесі ретінде міндеті уақытша науқан кезеңіне тоқтатылады.
Комиссия мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдады. Басқа ұсыныс болған жоқ.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 20 бабы 12 тармақ 4 тармақшасына орай Қ А У Л Ы Е Т Е Д І:
Төрайым З.Т.Калмуханова
Хатшы Г.Станова