ҰСЫНУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 29 маусымда Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясына « Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Жылыой ауданы Косшагыл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Таубаева І.С. ( өзін-өзі ұсыну тәртібімен ) құжаттары ұсынылды.
Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімдігіне сайлауға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен қойылатын талаптарға тиісті органдарға сұрау салу негізінде сәйкестігін белгілейді.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 09 шілде аралығындағы кезеңде ( сағат 18.00-ге) жүзеге асырылады.