Жылыой аудандық мәслихатының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 және 18 баптарына сәйкес Жылыой аудандық мәслихат сессиясының төрағасы 2021 жылғы 03 шілдеде сағат 10.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетін аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8 сессиясын шақыру туралы ШЕШТІ.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «2021-2023 жылдарға арналған аудандық Құлсары қаласының, Жаңа- Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара -Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №55-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Басқа да мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілістері 2021 жылғы 03 шілдеде сағат 09.30–де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткізіледі.
Жылыой аудандық мәслихаты