Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Жылыой ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Жылыой ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 - бабы 6) тармақшасына,  21 - бабының 4 тармағына, 22 - бабына сәйкес Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жылыой ауданы ауылдық округ әкімдері сайлау бойынша:
  • Қосшағыл ауылдық округінің шекарасында Қосшағыл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қосшағыл сайлау округі;
  • Қара Арна ауылдық округінің шекарасында Қара Арна ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қара Арна сайлау округі құрылсын.
  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орындары көрсетіліп Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Кең Жылыой» газетінде жариялансын

 

Жылыой  аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                  З.Т.Калмуханова  

 

Жылыой аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                          Г.К.Станова                                                                   

 

Құлсары қаласы,

2021 жылғы 25 маусым

№2

Атырау облысы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ Жылыой ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
25 июня 2021