«МұнайТас» Солтүстік Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мұнай құбырының желілік бөлігі үшін жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 43, 69, 140, 142 баптарын басшылыққа ала отырып және Жылыой аудандық жер комиссиясы отырысының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №2 хаттамалық шешімі негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1..«МұнайТас» Солтүстік Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жылыой ауданы, «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырының желілік бөлігі үшін ауданы 0,9860 га жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Жер учаскесі ауыртпашылықсыз.
3. «МұнайТас» Солтүстік Батыс құбыр компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен жер учаскесіне жария сервитут шартын 10 жұмыс күндік мерзімнен кешіктірмей жасақтау;
2) жер учаскесін пайдаланғаны үшін жер салығын Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес төлеу;
3) жер учаскесін өз мақсатында пайдалану;
4) талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жобасын жасақтап, соған сәйкес бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіріп, ауданның жер қорына актімен тапсыру ұсынылсын.
4..Жылыой ауданы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі:
1) осы қаулының Жылыой аудандық Әділет басқармасына мемлекеттік тіркелуін ;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жіберілуін қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Х.Жамалов