2021 жылдың 3 ай қортындысы бойынша Жылыой ауданы бойынша өтініштер мен аудан әкімінің жеке қабылдауы бойынша мәлімет
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 қаулысына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, қарау және бақылау жұмыстарының ұйымдастырылуына 2021 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша талдау жүргізілді.
І. Есепті кезең ішіндегі жеке және заңды тұлғалар өтініштері туралы жалпы мәлімет
Жылыой ауданы бойынша 2021 жылдың үш ай қортындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 939 өтініш келіп түсті, 2020 жылмен салыстырғанда /966-өтініш/ 3% кеміп отыр.
Жеке тұлғалардан – 829 /792-2020ж/;
Заңды тұлғалардан – 110 /174-2020ж/;
Оның ішінде 905- арыз, 9-шағым, 25-ұсыныс.
Келіп түскен 939 –өтініштің, 78-өтініш қанағаттандырылып, 781- өтінішке заңға сай жауаптары беріліп, қалған 80 өтініш қаралу үстінде.
ІІ. Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу жағдайы
Жалпы жеке және заңды тұлғалардан түсетін проблемалық өтініштердің басым көпшілігі жол салу, баспанамен көмектесу, қаржылай көмек көрсету, тұрғын үй салу үшін және шаруа қожалықтарына жер телімін беру мәселелері туралы.
2021 жылдың үш ай қортындысы бойынша кәсіпкерлік мақсатта
және тұрғын үй салу үшін жер сұраған - 730 өтініш келіп түсіп, оның 66-і қанағаттандырылды. Жұмысқа орналасу туралы 30-өтініш, баспанамен көмектесу туралы 25-өтініш келіп түсіп, заңға сай жауаптары берілуде.
Жол салу, құрылыс мәселесі туралы- 9 өтініш келіп түсіп, жол салу Құлсары қаласының даму жоспарына сәйкес кезең кезеңмен жүргізілетіні туралы жауаптары берілді.
Коммуналдық шаруашылық мәселелері туралы - 47 өтініш келіп түсіп, 3- өтініш қанағаттандырылды. Қаржылай және әлеуметтік көмек туралы - 16 өтініш келіп түсіп, оның 2-уі қанағаттандырылды.
ІIІ. Азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерінің қабылдауын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 13-тармағы негізінде бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес Жылыой әкімдігінің басшыларымен азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау үнемі өткізіледі.
Әр тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесі Жылыой ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.
2021 жылдың 3 айында Жылыой аудан әкімдігі басшылығымен 6 жеке қабылдау өткізіліп 37 азамат жеке қабылдауда болды. Жеке қабылдауда болған көтерілген 1 мәселе қанағаттандырылып, қалған 36 мәселелер бойынша заңға сай жауаптары берілді.
Атап айтқанда 1 азаматқа демеушілер көмегімен қаржылай көмек көрсетілді.