Атырау облысы, Жылыой ауданы, «Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы ақпарат
Майкөмген ауылы, Айнымас көшесі №74, тел: 8(71237) 27501
«Майкөмген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында ауыл әкімінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №15-ө өкімімен жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
«Майкөмген ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-4, нақты жұмыс істейтіндер саны-4, бос орын саны -жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар-жоқ. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр.
Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.
2020 жылдың қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардан жер мәселесіне қатысты 10 өтініш түсті. Жүгінген тұлғаларға бірегей нөмірі бар талон беріледі. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді. Округ әкімі бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Жыл басынан бері «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 107 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері әкімшілік ғимаратында қолжетімді жерге ілінген және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіліп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру мақсатында «Пара берме, алма», «Назарсыз қалдырма, жемқорлықтың тізбегін үз», «Жылыой-адалдық алаңы», «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Параға емес, биікке ұмтыл» «Адал жүріп, адал тұр» атты жадынамалар таратылып, баннерлер ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды.
Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
Ауыл әкімі аппараты ғимаратында тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін салуға арналған арнайы жәшіктер мен телефондарды сақтауға арналған шкафтар орнатылған. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланған жоқ. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік мекемеде талдау жүргізу кезеңінде жасырын сауалнамалар жүргізілді.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы «Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты» қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады деген шешімге келді.