Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының негізі
Жылыой аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша барлығы - 26 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
(ардагерлермен мүгедектер жұмыс секторы):
4) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру» (ХҚКО);
5)«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» (ХҚКО);
6) «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» (ХҚКО);
7) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік кызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу» (ХҚКО); Қазіргі таңда, мүгедектерге көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің барлығы электрондық түрге ауыстырылуда.
8) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» (ХҚКО);
(азаматтық хал актілерін тіркеу секторы):
(жұмыспен қамту секторы):
1.Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру (элек және (ХҚКО);
2. Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу элек және (ХҚКО);
3. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу (ақпараттық жүйе);
4.Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру (элек және (ХҚКО);
(әлеуметтік төлем секторы):
1)«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»; (ақпараттық жүйе);
2)«Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»; (элек және (ХҚКО);
3)«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау»; (ХҚКО);
4)«Өтініш берушінің /отбасының/ атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»; (ХҚКО);
5)«Тұрғын үй көмегін тағайындау»; (элек және (ХҚКО);
6) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (мем орган);
2020 жылдың қорытындысымен бөлім бойынша барлығы - 15320 мемлекеттік қызмет көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша - 2561, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны, оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша - 3472, мемлекеттік корпорация арқылы - 4137, электронды түрде - 5150 қызмет көрсетілген және мерзімінен кешіктіру немесе артық құжат талап ету, орынсыз құжат қайтару фактілері орын алмаған.
Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары үнемі жергілікті ақпарат құралдардында және бөлімнің әлеуметтік желілерінде жарияланып отыр. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан электронды үкімет дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жөнінде әр-түрлі жәрмеңкелер, дөңгелек үстелдер, қабылдаулар ұйымдастырылып, бөлім басшы тарапынан тікелей байланыс арқылы түсіндіру ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп отырады.
2020 жыл қорытындысымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына - 8 мақала, 3 - рет Мемлекеттік корпорация және бөлім қызметкерлерімен отырыс, 4 - бөлім басшысының қатысуымен тікелей эфир арқылы жүздесу, 13 - хабарлама бөлімнің әлеуметтік желілерінде жарияланған.