АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ, «ҚАРА АРНА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2020 ЖЫЛҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ, «ҚАРА АРНА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2020 ЖЫЛҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында        Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылғы 18 маусымдағы №24-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкесАтырау облысы, Жылыой ауданы «Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысшы тобы 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Ботай Нұрмағанбетов көшесі №374 үй тел:871237/26074/; /26045/ орналасқан.

«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны– 6, нақты жұмыс істейтіндер саны – 6, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – жоқ, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – жоқ.

Оның ішінде: ауыл әкімі -1 бірлік; бас маман -5 бірлік.

«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің кестесіне сәйкес, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отырады.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер тіркелмеген.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 33. Өтініштердің басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты. Өтініштер уақытылы қаралып, заң бойынша қанағаттандырылуда.  Нормативтік құқықтық актілер бойынша 35 шешім, 80 өкім қабылданды. 

 Округ әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді. 2020 жылдың I жарты жылдығына наурыз айының он алтыншы жұлдызына дейін 5 азамат қабылданды, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жыл ішінде алты рет «Ашық есік» күні өткізіліп  барлық азаматтардың өтініштері қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әкім аппараты  бір (1) мемлекеттік қызмет көрсетеді, ол «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының көрнекі жеріне қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың рәсімін ақпараттандыру үшін, қазақ тілінде түрлі түсті инфографика орналастырылған. Бұл жүйе автоматтандырылған. Тұрғындарға түсінік жұмыстары жүргізілген. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1006 қызмет атқарылды. Оның ішінде: электрондық цифрлық қолтаңба алу-442, балабақшаға кезекке тұрған-37, соттылығы жоқ туралы анықтама-76, БЖЗҚ анықтама-17, наркологиялық ұйымнан анықмата-76,  психоневрологиялық ұйымнан анықтама-76, жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама -29, бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы-20, бала күтіміне берілетін 1 жасқа дейін жәрдемақы-24. «Электрондық үкімет» веб-порталынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін түсіндіру тақырыбында әлеуметтік желі (qara_arna_akimi_apparaty) арқылы тұрғындарды онлайн түрде қабылдап, сұрақтарға жауап берілді. Аудандық «Кең Жылой» газетінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №12-13 (7905) номеріне «Автоматтандырылған жүйемен балабақшаға кезекке қою»; «Өзін-өзі қызмет көрсету»; 10 желтоқсандағы №50 (7942) «Электрондық үкімет» қызметі ауылда да бар; «Кезегіңіз келгенде кешігіп қалмаңыз» тақырыбы және ағымдағы жылдың 21 мамыр күні Аудандық «Кең Жылой» газетінің №21 (7913) нөміріне «Анықтаманы үйде отырып-ақ аласыз»; 10 қыркүйектегі № 37 «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» тақырыбында мақала жарияланды.

Округ ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін «Адал жүріп, адал тұр», «Пара берме, Пара алма», «Шыншылдық адалдықпен ағзалас», «Барлығы әшкере болады. Сыбайлас жемқорлық жазаланады», «Болашағыңа балта шаппа, Жемқорлықтың жібін үз», атты жаднамалар ілінген және бұл жаднамалар ауыл тұрғындарына таратылып отырады. «Кең Жылой» газетінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №12-13 (7905) номеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-бүгінгі күн талабы» атты мақала жарияланды. «Адал көмек» жобасы аясында төрт рет әлеуметтік желі (qara_arna_akimi_apparaty) арқылы тұрғындарды онлайн түрде қабылдап, сұрақтарға жауап берілді.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сенім телефондары көрнекі орынға орналастырылған.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланбаған.

Прокурорлық қадағалау актілері, наразылық, ұсынымдар келіп түспеген. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталмаған. Мемлекеттік қызметшілерден, жоғарғы органдардан және басқа да мекемелерден шағым түспеген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жұмысшы тобы «Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде, басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметінде, нормативтік-құқықтық актілерде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ, «ҚАРА АРНА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2020 ЖЫЛҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
28 января 2021