2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жылыой аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жылыой аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 13-бабының 2 тармағы 1) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «2026 жылғы 29 қарашасына тағайындалған  Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 2026 жылғы 13 қазанындағы №60/99 қаулысы негізінде  Жылыой  аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. 2026 жылғы 29 қарашасына тағайындалған Жылыой аудандық мәслихаты  депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы  Жылыой аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.

3. Осы қаулы Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында  орналастырылсын.



Жылыой аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

төрайымы                                                                                                        З.Т.Калмуханова

 

Жылыой аудандық  аумақтық

сайлау  комиссиясының хатшысы                                                              Г.К.Станова

  

Құлсары қаласы

13 қазан 2026 ж

№1

Дата публикации
13 октября 2026