Акт Министерства или ведомства от 25.11.2014 № 56
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы
21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет"
ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- "Спортшылар үшін төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8717 тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159), "Казахстанская правда" 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Т. Есентаев
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 казандағы
№ 56 бұйрығына қосымша
Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын
Ескерту. Нормалары мен талаптары жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 19.06.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1- бөлім. Жалпы ережелер
- Осы Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары (бұдан әрі – Нормалар мен талаптар) Спорт түрлерінің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) кіретін спорт түрлері бойынша тиісті порттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру үшін орындалуы қажет нормалар мен талаптарды орнатады.
- Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру тәртібі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Спорттық атафқтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасымен айқындалады.
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), жергілікті атқарушы органдар, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдері Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын Тізілімге кіретін спорт түрі бойынша талаптар және (немесе) нормалар бір рет орындалған жағдайда береді.
Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдері әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерін дамытуға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өкілдері үшін Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 112 бұйрығымен бекітілген Әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорт түрлерінің тізбесіне сәйкес спорт түрі бойынша талаптар және (немесе) нормаларды бір рет орындаған жағдайда береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Туризм және спорт министрінің 11.03.2026 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
- Спорттық атақ және разрядты беру үшін Нормалар мен талаптарға сәйкес негіздеме болып табылады:
- спорт жарысында бекітілген орын алу (талаптар);
- спорттық атақтар мен разрядтарды алу үшін орындалуы тиіс көрсеткіштер (нормалар).
2- бөлім. Спорттық атақтарды және разрядтарды беру нормалары мен талаптары
- тарау. Олимпиадалық спорт түрлері
- Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық атақтар және разрядтарды
беру нормалары мен талаптары Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына тиісті қосымшаларында жазылған:
- "академиялық есу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарына 1-қосымшаға сәйкес;
- "ат спорты" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 2-қосымшаға сәйкес;
- "ауыр атлетика" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 3-қосымшаға сәйкес;
- "ашық суда жүзу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 4-қосымшаға сәйкес;
- "әйелдер күресі" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 5-қосымшаға сәйкес;
- "әртістік жүзу (үйлесімді жүзу)" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 6-қосымшаға сәйкес;
- "бадминтон" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 7-қосымшаға сәйкес;
- "байдарка мен каноэде есу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 8-қосымшаға сәйкес;
- "баскетбол" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 9-қосымшаға сәйкес;
- "баскетбол 3х3" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 10-қосымшаға сәйкес;
- "батуттық гимнастика" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 11-қосымшаға сәйкес;
- "бокс" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 12-қосымшаға сәйкес;
- "брейкинг" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 13-қосымшаға сәйкес;
- "велосипед спорты (шоссе)" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 14-қосымшаға сәйкес;
- "велосипедтік мотокросс (BMX)" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 15-қосымшаға сәйкес;
- "велотрек" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 16-қосымшаға сәйкес;
- "гольф" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 17-қосымшаға сәйкес;
- "грек-рим күресі" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 18-қосымшаға сәйкес;
- "дзюдо" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 19-қосымшаға сәйкес;
- "еркін күрес" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 20-қосымшаға сәйкес;
- "есу слаломы" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 21-қосымшаға сәйкес;
- "жағажай волейболы" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 22-қосымшаға сәйкес;
- "желкенді қайық спорты" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға
23-қосымшаға сәйкес;
- "жеңіл атлетика" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 24-қосымшаға сәйкес;
- "жүзу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 25-қосымшаға сәйкес;
- "классикалық волейбол" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 26-қосымшаға сәйкес;
- "көгалдағы хоккей" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 27-қосымшаға сәйкес;
- "көркем гимнастика" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 28-қосымшаға сәйкес;
- "қазіргі бессайыс" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 29-қосымшаға сәйкес;
- "қол добы" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 30-қосымшаға сәйкес;
- "маунтинбайк" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 31-қосымшаға сәйкес;
- "нысана көздеу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 32-қосымшаға сәйкес;
- "регби 7" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 33-қосымшаға сәйкес;
- "садақ ату" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 34-қосымшаға сәйкес;
- "семсерлесу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 35-қосымшаға сәйкес;
- "скейтбординг" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 36-қосымшаға сәйкес;
- "спорттық гимнастика" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 37-қосымшаға сәйкес;
- "спорттық құзға өрмелеу" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 38-қосымшаға сәйкес;
- "стенд ату" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 39-қосымшаға сәйкес;
- "су добы" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 40-қосымшаға сәйкес;
- "суға секіру" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 41-қосымшаға сәйкес;
- "таеквондо WT" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 42-қосымшаға сәйкес;
- "теннис" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 43-қосымшаға сәйкес;
- "триатлон" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 44-қосымшаға сәйкес;
- "үстел теннисі" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 45-қосымшаға сәйкес;
- "футбол" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 46-қосымшаға сәйкес;
- Қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық атақтар және разрядтарды
беру нормалары мен талаптары Нормалар мен талаптарға тиісті қосымшаларында жазылған:
- "биатлон" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 47-қосымшаға сәйкес;
- "керлинг" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 48-қосымшаға сәйкес;
- "конькимен жүгіру спорты" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 49-қосымшаға сәйкес;
- "конькимен мәнерлеп сырғанау" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 50-қосымшаға сәйкес;
- "ски-альминизм" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 51-қосымшаға сәйкес;
- "сноуборд" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 52-қосымшаға сәйкес;
- "тау шаңғысы спорты" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 53-қосымшаға сәйкес;
- "фристайл" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 54-қосымшаға сәйкес;
- "шайбалы хоккей" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 55-қосымшаға сәйкес;
- "шаңғы жарыстары" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 56-қосымшаға сәйкес;
- "шаңғы қоссайысы" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 57-қосымшаға сәйкес;
- "шаңғымен тұғырдан секіру" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 58-қосымшаға сәйкес;
- "шорт-трек" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 59-қосымшаға сәйкес.
2- тарау. Паралимпиадалық спорт түрлері
- Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық атақтар және разрядтарды беру нормалары мен талаптары Нормалар мен талаптарға тиісті қосымшаларында жазылған:
- "бочча" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 60-қосымшаға сәйкес;
- "волейболды отырып ойнау" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 61-қосымшаға сәйкес;
- "голбол" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 62-қосымшаға сәйкес;
- "интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған баскетбол" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 63-қосымшаға сәйкес;
- "интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған велоспорт" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 64-қосымшаға сәйкес;
- "интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған жеңіл атлетика" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 65-қосымшаға сәйкес;
- "интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған жүзу" спорт түрі бойынша
Нормалар мен талаптарға 66-қосымшаға сәйкес;
- "интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған теннис" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 67-қосымшаға сәйкес;
- "интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған үстел теннисі" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 68-қосымшаға сәйкес;
- "мұздағы пара хоккей" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 69-қосымшаға сәйкес;
- "пара би спорты" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 70-қосымшаға сәйкес;
- "пара велоспорт" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 71-қосымшаға сәйкес;
- "пара дзюдо" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 72-қосымшаға сәйкес;
- "пара қол күресі" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 73-қосымшаға сәйкес;
- "пара пауэрлифтинг" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 74-қосымшаға сәйкес;
- "пара садақ ату" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 75-қосымшаға сәйкес;
- "пара үстел теннисі" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 76-қосымшаға сәйкес;
- "пара каратэ" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 77-қосымшаға сәйкес;
- "паралимпиадалық мәнерлеп жүру" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 78-қосымшаға сәйкес;
- "соқырлар үшін үстел теннис (шоудаун)" спорт түрі бойынша Нормалар мен талаптарға 79-қосымшаға сәйкес.