Жылыой ауданы әкімінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №91-ө өкімімен бекітілген
Жылыой ауданы әкімінің 2022 жылғы «____» қарашадағы №___-ө өкіміне қосымша
Жылыой ауданы әкімі аппараты
Ұйымдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
ішкі бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
- Ұйымдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөлімі (әрі қарай бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіментінің Жарлықтары мен қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімі аппаратының жұмыс регламентін, осы Ережені басшылыққа алады.
3.Бөлімнің құрылымы мен қызметкерлер саны аппараттың штаттық кестесімен айқындалады.
- Бөлім:
1) бөлім басшысы;
2) екі бас маманнан тұрады.
- Бөлімнің негізгі міндеттері
- Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының қызметін және олардың қатысуымен өткізілетін әртүрлі іс-шараларды ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- Президент тапсырмаларын, Үкімет қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдерінің, тапсырмаларының толық және уақытында орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
- Аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін мәселелер тізбесін дайындау;
- Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті мен жергілікті мәслихаттар сайлауын дайындау мен өткізуге байланысты іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
- Бөлімнің негізгі функциялары
- Аудан әкімі аппараты мен қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттары арасындағы байланысты жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметтің актілерімен облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері мен облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасайды және тексеру қорытындыларын тұжырымдап кемшіліктерді анықтайды, қажетті жағдайда аудан әкімі мен аудан әкімдігі отырысының қарауына ұсынады;
- Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша материалдары әзірлейді;
- «Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік, ведомоствалық наградаларға ұсыну жұмыстарымен айналысады;
- Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шаралар жоспарын жасақтайды;
13.Қазақстан Республикасы Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, республикалық референдумдер өткізу жөнінде құжаттар дайындайды және олардың орындалуын бақылайды;
- Құлсары қаласы, кент және ауылдық округ әкімдерінің тиісті аумақтың әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарын зерделейді;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау жұмыстарын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін басшылықтың уақтылы қарауын қамтамасыз етеді;
- дербес бөлімдер, қала, кент және ауылдық округтердің мемлекеттік қызмет көрсету құжаттарының орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Бекітілген кесте бойынша ішкі бақылау жұмыстарын жүргізу.
- Аудандық бөлімдерге, қала, кент және ауылдық округтер әкімі аппараттарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және оның орындалуын тексеру мәселесі бойынша атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жасау;
- «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігіне бағалау жүргізу үшін әдістемеге сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментіне ақпарат ұсыну;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің бекітілуін қадағалау;
- Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселесі бойынша өткізілетін мәжілістерге ақпараттық материалдар, баяндамалар дайындайды.
22.«Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз ету», «Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларын орындау», «Мемлекеттік қызмет көрсету», «Ақпараттық технологияларды қолдану», «Персоналды басқару», бағыттары бойынша жыл қорытындысымен мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалау бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту.
- Бөлімнің құқықтары
- өзінің қызметтік міндеттерін атқару үшін мемлекеттік басқару органдарынан, мекемелерден, ұйымдар мен кәсіпорындардан тексеру үшін қажетті құжаттарды, ақпараттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
- аудан әкімі аппаратындағы және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
- аудан әкімі аппаратының, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі басшысының келісімі бойынша аудан әкімі аппараты бөлімдерінің, аудандық бөлім қызметкерлерін олардың мәселелері қамтылатын материалдар мен құжаттар дайындау кезінде жұмысқа тартуға;
- өз өкілеттіктері шегінде мәселелерді қарау мен олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдардан және лауазымды адамдардан олардың орындалуын талап етуге құқығы бар.
- Бөлім қызметін ұйымдастыру
- Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады;
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады;
- Құрылымдық бөлімнің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;
- Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімінің атынан басқа бөлімдерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды
- Ұйымдастыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау бөліміне олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
-------------------------