Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Жылыой ауданы әкімінің

         2021 жылғы 29 желтоқсандағы

        №91-ө өкіміне №3 қосымша

 

 

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі (бұдан әрі бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  2. Бөлімнің құрылымы мен қызметкерлерінің саны Аппараттың штаттық кестесімен айқындалады.

         3.Бөлімге аппарат басшысы тікелей  басшылық етеді.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері

 

  1. Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

         5.Мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

  1. Мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
  2. Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;
  3. Мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді қамтамасыз ету;
  4. Мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

 

 

  1. Бөлімнің негізгі функциялары

 

  1. Мемлекеттік органның стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға атсалысу, мемлекеттік органның кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағлымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;
  2. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

         12.Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  1. Мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қатамасыз ету;
  2. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу;
  3. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады;
  4. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөліміне олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

 

 

  1. Бөлімнің құқықтары

 

  1. Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттер мен фунцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратаы және алады;
  2. Аудан әкімі аппаратындағы және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы ақпараттық дерек қорын пайдалануға;
  3. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

 

 

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімді аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімімен қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын басшы басқарады;
  2. Бөлімнің бас мамандары  (бұдан әрі - қызметкерлер) аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
  3. Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;
  4. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері аудан әкімінің өкімімен бекітілетін қызметтік нұсқаулықпен регламенттеледі;
  5. Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) олардың қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.

 

-------------------------

 

-------------------------

 

Дата публикации
24 сентября 2026