«Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

                                                                                Жылыой ауданы әкімдігінің

                                                                                2012 жылғы 25 желтоқсандағы

                                                                                №497 қаулысымен бекітілген

                                                                                        

 

«Жылыой ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

         1. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

         2.«Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

         4. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

         5. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

         6. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

         7. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

         8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26.

         9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

         10. Осы Ереже «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

         11. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

         12. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

         13. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес).

         14. Міндеттері:

(Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес)

1)аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін, аудандық әкімдік мәжілістері мен басқа да шараларының аппараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық жағынан қамтамасыз ету;

2)аудан әкімінің басқа мемлекеттік органдармен, заңды тұлғалармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

3)Қазақстан Республикасының Заңдарымен белгіленген құзыреттер шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

         15. Функциялары:

(Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес)

1)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

2) Аппарат қызметкерлерін құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу;

3)өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

4) аудан әкімінің, оның орынбасарларының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

5)аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындауды ұйымдастыру;

6)аудандық әкімдіктің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына құқықтық сараптама жасау;

7)қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күресу, құқық тәртібін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қызметі саласында ұйымдастыру мәселелерінде аудан әкімінің басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8)аудан әкімі тағайындайтын кадрларды есепке алу, кадрлардың жағдайы мен қозғалысын талдау;

9)кадрларды оқыту мен қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру;

10)аудан бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;

11)ауданның бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;

12)ауданның аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

13)халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлікті азайту бағдарламаларын іске асырады;

14)Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

(1995 жылғы 30 иамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес)

1)Қазақстан Республикасының заңдылықты сақтауға;

2)жалпымемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

3)Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

4)қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;

5)осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

         17. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

         18. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Атырау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

         19. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

         20. Бірінші басшының өкілеттігі:

         1)тиісті адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметті және өзге де атақтар беру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізеді;

         2)аудандық мәслихатқа "Ауданның Құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;

         3)азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;

         4)жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

         5)өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

         6)төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

         7)азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

         8)аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

         «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

         21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

         22. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

         23. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

         24. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

         25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

         26. «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

«Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
24 сентября 2026