«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 44-баптарын басшылыққа ала отырып, 2026 жылғы 13 ақпандағы №34/2025 Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік және Искаков Наукбектің 2026 жылғы 18 тамыздағы №ЖТ-2026-03571887 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.. Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №115 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысэына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағындағы «Исмагамбетова Слушаштың» деген сөздер «Искаков Наукбектің» деген сөздермен;
Көрсетілген қаулының 3-тармағындағы «2025 жылдың 16 қазанға дейін» деген сөздер мен сандар «2027 жылдың 04 қыркүйекке дейін» деген сөздер мен сандарға өзгертілсін.
3.. Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жер–кадастрлық құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов