«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №06-03-17-1/561 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Аязбаев Нұрдаулеттің Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, 5 ауыл мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-023-696 көлемі 0,0875 га, тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшін берілген жер учаскесі кәріз айдау станциясымен КНС-3(ОРС) беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
- Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2027 жылдың 14 ақпанына дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Жылыой ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов