«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік  мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  1. «Қазақстан Республикасы  Атырау  облысы  Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның бюджетті жоспарлау және атқару, сондай-ақ коммуналдық меншікті басқару қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  1. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  1. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің   аппараты»   мемлекеттік   мекемесі   ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
  1. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  2. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  3. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ережесін, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
  4. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы, Абылайхан көшесі, 12 үй. Почта индексі 060108.
  5. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  6. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  7. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
19 декабря 2020