Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
- жолаушылар тасымалы деңгейін арттыру және автомобиль инфрақұрылымын дамыту.
1) құжаттарды мен міндеттерді:
- жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру;
- қалаішілік автомобиль жолдарын салу және оларды күтіп ұстау, мемлекеттік конкурстар негізінде ағымдағы, шұңқырлы күреуге жөндеу жұмыстарын, конкурс жеңімпаздарымен шарттар жасасу, маршруттарды, автобус аялдамаларын айқындау;
- мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;
- аудан әкіміне жергілікті инфрақұрылымды дамытудың мақсаттары, басымдықтары мен стратегиялары бойынша ұсыныстар енгізу;
- тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру мәселелері жөніндегі кеңестерге қатысу;
- әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша анықтама, ақпарат және баяндамалар жасау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де құжаттарды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.
- жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру бойынша бақылауды жүзеге асыру;
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
- мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттермен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамаған үшін дербес жауакершілікте болады;
- бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
- заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан өкілдік етеді;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмысын ұйымдастыру, қабылдау, тіркеу және есепке алу бойынша дербес жауапты болады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.