Құлсары қаласы 20 наурыз 2026 жыл
«Жылыой ауданы тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңнамада көзделген шектерде коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй қатынастары саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Жылыой ауданы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы №12а бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.
Д.Сәдуов - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, жұмысшы тобының жетекшісі; А.Алдиярова - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі; Б.Баянов - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі; Г.Есенбаева - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы, топтың мүшесі; А.Сабырова - Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы, топтың мүшесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ағымдағы ішкі талдау 2025 жылға жүргізілді.
Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ(бұдан әрі – бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», Заңдарын, Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚбұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысымен «Жылыой ауданы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды.Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 06 наурыздағы №84 қаулысымен «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілді.
«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысының бұйрығымен Мемлекттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
2025 жыл бойынша жеке және заңды тұлғалардан барлығы 170 өтініш келіп түсті, оның 113 жеке тұлғалардан, 57 заңды тұлғалардан келіп түскен. Оның ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша 70 өтініш келіп түсіп, оның -70-сіне түсінік берілді. Түсінік берілген коммуналдық шаруашылық бойынша -100.
Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлім қызметіндегі персоналды басқару бағытында ішкі талдау барысында мемлекеттік қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызметтік ауыстыру, еңбек демалысын беру, көтермелеу және тәртіптік жауапкершілікке тарту рәсімдерінің Қазастан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасыныңи талаптарына және ішкі нормативьік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
2025 жылғы жағдай бойынша штат саны 5 бірлікті, нақты штат саны – 5 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік қызметтен босату фактілері және теріс себептер бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп жатыр. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау, оларды жою шаралары жүргізілуде.
«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде 2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрлерін көрсетіліп келеді.Олар мемлекеттік тұрғын үй кезегіне есепке алу, күзгі-қысқы дайындық маусымына паспорт беру, ағаш кесуге рұқсат беру және жекешелендіру қызметтері көрсетіледі.
Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне өтініш білдіру үшін «kezekte.kz» электронды веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67, 68-баптарында көрсетілген санат бойынша тұрғын үйге мұқтаж жеке тұлға ЭЦҚ кілті арқылы өтініш бере алады. Өтінішке 15 күнтізбелік күні ішінде қаралып, жауабы беріледі.
2025жылдыңқаңтар-мамыр айларында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою бойынша 120 өтініш қабылданып,соның 75 өтініш оң шешіммен қабылданып, 45 өтініштен бас тартылды.Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс вице-министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі хаттамасына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесінен («Concordia group» ЖШС) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесіне («Отбасы Банкі» АҚ) көшірілді. Осыған орай, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғын үй кезегіне тіркеу толығымен «Отбасы Банкі» АҚ-на берілді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру үшін «Е-қазына» веб-порталы арқылы жүзеге асырылатын болады. «Е-қазына» веб-порталы жүйесі арқылы қалдық құнын төлей отырып, жекешелендіруге өтініш білдірген күннен бастап, 30 күн ішінде бастапқы жарна 10 пайызын төлеу және ай сайынғы жалдау ақысының уақытылы төленгені туралы түбіртекті ұсына отырып тұрғын үйді меншігіне аудару жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылы тұрғын үйді жекешелендіруге 4 өтініш қабылданып, жекешелендірілді.
Белгілі бір құрылыс нысаны, объект құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын, ағаш кесуге рұқсат алуға өтініш білдіреді. 3 жұмыс күні ішінде жауабы беріледі. 2025 жылы ағаш кесуге рұқсат беруге 2 өтініш түсіп, өтініштері қанағаттандырылды.
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «e-license» электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2025 жылы күзгі-қысқы маусымына дайындық паспортына рұқсат алуға 172 әлеуметтік нысанның дайындық паспорты берілді.
Персоналды басқару процестері «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Қадрлық шешімдер белгіленген тәртіппен рәсімделіп, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісіліп және бекітіледі, бұл рәсімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Бақылауға алынған облыс және аудан деңгейіндегі кейбір тапсырмалардың орындалысы баяу жүргізілуде.
Сонымен қатар, бақылау құжаттары ісінде тапсырмалардың орындалысы бойынша ақпараттар тігілмеген.
Бөлімнің бақылау құжаттарын уақытылы орындау жауапкершілігін арттыру жөніндегі шараларын алу ұсынылды.
Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.
2) Мемлекеттік қызмет стандарттарын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.
Жұмысшы тобының жетекшісі Д.Сәдуов
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы
бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі А.Алдиярова
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы
бөлімінің бас маманы, топтың мүшесі Б.Баянов
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы
бөлімінің инспекторы, топтың мүшесі Г.Есенбаева
Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы
бөлімінің инспекторы, топтың мүшесі А.Сабырова