Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84, 89 - баптары және «Жылыой ауданы кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 12 қаңтардағы №06-03-07/10 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі                 ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тулкибаев Абайдың Жылыой ауданы, «Даулеталы» учаскесінде орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-016-664 көлемі 800 га, шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген жер учаскесі туристік – рекреациялық мақсаттағы аумақпен беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 21 қарашасына дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзімі қалдырамын.

 

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                                                Е.Нурланов

 

Дата публикации
26 мая 2026