«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы   1 қыркүйектегі  № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына және Жылыой ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 ақпандағы №68 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.   Қоса беріліп отырған «Жылыой  ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
  2. «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

         1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

         2) осы қаулыны Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

         3)  осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

  1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №131 «Жылыой ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» және 2020 жылғы 02 қарашадағы №310 «Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
  3. Осы қаулы  қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, оның  алғашқы ресми жарияланған күнінен  бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Аудан  әкімі

 Ж.Қаражанов

Дата публикации
15 мая 2026