Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің Е Р Е Ж Е С І

Жылыой ауданы әкімінің

         2021 жылғы 29 желтоқсандағы

        №91-ө өкіміне №4 қосымша

Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің

                                                             Е Р Е Ж Е С І

 

                                                      1.Жалпы ережелер

 

  1. Жылыой ауданы әкімі аппаратының Жалпы бөлімі (бұдан әрі-бөлім) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Зандарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Бөлімнің құрылымы мен қызметкерлерінің саны Аппаратының штаттық кестесімен айқындалады.
  3. Бөлімге аппарат басшысы тікелей жетекшілік етеді.
  4. Бөлімнің жұмысы аппарат жұмысының перспективтік жоспарын және бөлімнің ағымдағы жоспарына сәйкес құрылады.

 

 

  1. Жалпы бөлімнің міндеттері

 

  1. Мемлекеттік органның қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу, табелін жүргізу, айлық жалақыларын, жалақыдан ұсталымдарды, салықтарды, еңбек демалысын, демалыс жәрдемақыларын, еңбекке жарамсыздық парақтарын, іссапар шығындарын есептеу, төлем-есеп айырсу, төлем тізімдемесін жүргізуге;
  2. Мемлекеттік органның қызметкерлерінің еңбек өтілімдерін белгілеу хаттамасына сәйкес штаттық кесте жасақтауға;
  3. Мемлекеттік органның қызметкерлерінің жеке еңбек шарттарын жасақтауға, оларды есепке алу журналын жүргізуге.
  4. Мемлекеттік органның қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді, бюджеттік өтінімді жасауға және келісуге;
  5. Мемлекеттік органның қызметкерлерінің еңбек өтілімдерін белгілеу хаттамасына сәйкес штаттық кесте жасақтауға;
  6. Қаржыландыру жоспарын орындау мақсатында ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен келісім шарттар жасақтауға, шарт талаптарының орындалуын үнемі қадағалап отыруға, келісім шарттарды есепке алу журналын жүргізуге;
  7. Мемлекеттік сатып алу веб порталымен жұмыс жасауға, мемлекеттік сатып алуларды өткізуге міндетті.

 

 

  1. Жалпы бөлімнің функциялары

 

  1. Жалпы бөлімнің негізгі міндеті болып аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппаратының қызметін құжаттамалық, қаржылық, материалдық қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) іс жүргізеді, құжаттардың өтуін бақылайды, аудан әкімі мен әкімдік кесімдерін тіркейді, есебін жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2) қабылданған қаулыларды, шешімдер мен өкімдерді шығаруды және орындаушыларға жедел жеткізуді ұйымдастырады.

3) қызметтік құжаттардың, басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратының атқарушы тәртіптің жай күйін талдайды;

4) азаматтар өтініштерін тіркейді, олардың уақтылы қаралуын бақылайды, жүзеге асырады.

5) аудан басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады.

6) аппараттың істер номенклатурасын құрастырады;

7) құжаттар құндылығын сараптау жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, аппараттың құрылымдық бөлімшілерінен іс жүргізілуі аяқталған құжаттарды сақтауға қабылдайды, мұрағаттық уақытша сақталуын және олардың кейінен мемлекеттік мұрағатқа берілуін қамтамасыз етеді;

8) құжаттардың басылуын, көбейтілуін, таратылуын, орындаушыларға құжаттардың жедел жеткізілуін қамтамасыз етеді;

9) Бөлімнің бланкілік өнімін, конверттердің тапсырысын және есебін қамтамасыз етеді;

10) іс жүргізу мәселесінде қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына, аудандық бөлімдерге практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

11) іс жүргізуды жетілдіруді қамтамасыз етеді, басшылыққа құжаттама айналымын төмендету жөнінде ұсыныстарды енгізеді.

12) Мемлекеттік органның қаржылық құжаттарын  уақытылы және дұрыс рәсімдеуге, жүзеге асырылатын қаржылық операциялық заңдылығына алдын-ала бақылау жасау.

13) Мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуіне мониторинг жүргізу және ай сайынғы төлемдер бойынша қаржылық жоспардың орындалмау себептерін анықтау, талдау жүргізіп отыру;

14) Мемлекеттік органның негізгі құралдарын, мүліктерін, материалдық құндылықтарын түгендеу, түгендеудің нәтижелерін уақытылы және дұрыс анықтау, оларды есепте бейнелеу;

15) Жалпы кіріс пен шығыстың балансын орындап, жүзеге асырылуын үнемі басты назарда ұстау;

16) Дебиторлық және кредиторлық қарыздар болдырмау жөнінде шаралар алу.

 

 

  1. Жалпы бөлімнің құқықтары:

 

Жалпы бөлім міндеттерді орындау мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

  1. аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде, қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарында ағымдағы іс жүргізудің ұйымдастырылуын, құжаттардың сақталуын, істің рәсімделуін тексеруді жүзеге асыруға;
  2. аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (одан әрі-жергілікті органдар) белгіленген тәртіпте олардағы құжаттама айналымының жағдайы туралы ақпаратты сұратуға;
  3. құжаттарды бақылау және орындау, азаматтар өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйі мәселелері жөнінде тексерулерді жүзеге асыруға;
  4. дұрыс рәсімделмеген құжаттарды қайтаруға, орындаушылардан белгіленген талаптарды бұзумен ұсынылған құжаттарды пысықтауды талап етуге;
  5. кеңестер мен семинарларды өткізуге, жалпы бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңес беруге;
  6. аудандық әкімдік, қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарының жергілікті органдардың мәжілістері мен кеңестерінің жұмысына қатысуға;
  7. аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппараттарында, жергілікті органда іс жүргізудің ұйымдастырылуын жақсарту жөнінде ұсыныстар еңгізуге;
  8. жергілікті жерлерде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде жедел шараларды қабылдау үшін іс жүргізу мәселелерінде практикалық көмек көрсетуге құқылы.

 

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімді аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімімен қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
  2. Бөлімнің бас мамандары (бұдан әрі-қызметкерлер) аппарат басшысының ұсынысы бойынша аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.
  4. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері аудан әкімінің өкіммен бекітілетін лауазымдық Нұсқаулықпен реттеледі.

                      

Дата публикации
14 мая 2026