Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің Ережесі

Жылыой ауданы әкімінің

2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№91-ө өкімімен бекітілген

 

Жылыой ауданы әкімінің

2025 жылғы  4 ақпандағы

№6-ө өкіміне №2 қосымша

 

 

Жылыой ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің

Ережесі

     

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік-құқықтық бөлімі (әрі қарай-Бөлім) ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бір бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен қызметкерлер саны аппараттың штаттық кестесімен айқындалады.
  4. Бөлім:

         1) бөлім басшысы;

         2) бір бас маманнан  тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті:

        1)  мемлекеттік  органдардың  қызметтерінде  заңдылықтың  сақталуын  қамтамасыз  ету;

        2)  мемлекеттік  органдардың  заңнаманы  қолдану  тәжірибиесін  қорыту;

        3) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

         4) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың  жобаларын  әзірлеуге  қатысу;

         5) қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппаратының бас маман- заңгерлеріне  тәжірибелік  көмек  көрсету.

          

           Функциялары:

         1) аудан бойынша кәмелетке толмағандардың істері  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  комиссияның  жұмысын  ұйымдастыру;

         2) аудан бойынша құқық бұзушылық  профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның  жұмысын ұйымдастыру;

         3) аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның  жұмысын   ұйымдастыру;

Құқықтары мен міндеттері:

1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның  мүдделерін  білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне  мониторинг жүргізуді  тұрақты  негізде үйлестіреді;

3) мемлекеттік орган әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

4) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның  құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;

5) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы  іс-шараларды  әзірлейді  және  іске асырады;

6) заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттік органның құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан  түсініктеме дайындайды;

7) мемлекеттік органға келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын  ұйымдастырады;

8) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның    бөлімдерінен  сұратуға;

9) мемлекеттік органның басшысының келісімімен нормативтік құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнінде іс-шаралар мен мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін  басқа  бөлімдердің  қызметкерлерін  тартуға  құқылы.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасы  Президентінің  заңнамалық  актілеріне, Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сәйкес  өзінің  негізгі  міндеттері  мен  функцияларын  іске  асыру  үшін  қажетті  өкілеттіктерге  ие.
  2. Бөлімді Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  лауазымға  тағайындалатын  және  лауазымнан  босатылатын  басшы  басқарады.
  3. Бөлім басшысы  бөлім  қызметіне  жалпы  басшылықты  жүзеге  асырады  және  бөлімге  жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және  оның  функцияларын  жүзеге  асыруға  дербес  жауапты  болады.

 

-------------------------

Дата публикации
14 мая 2026