Жылыой ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің Ережесі

Жылыой ауданы әкімінің

2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№91-ө өкімімен бекітілген

 

Жылыой ауданы әкімінің

2026 жылғы  27 сәуірдегі

№30-ө өкіміне №5 қосымша

 

 

Жылыой ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің

Ережесі

     

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі (әрі қарай-Бөлім) ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бір бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен қызметкерлер саны аппараттың штаттық кестесімен айқындалады.
  4. Бөлім:

         1) бөлім басшысы;

         2) екі бас маманнан  тұрады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті:

        1)  Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғау шараларының орындалысын сақталуын  қамтамасыз  ету;

        2)  Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытында іс-шараларды ұйымдастыру;

        3) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, мемлекеттік органдарда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

         4) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың  жобаларын  әзірлеуге  қатысу;

         5) қала, кент және ауылдық округ әкімдері аппаратымен дербес бөлімдердің бас мамандарына азаматтық қорғау саласында тәжірибелік  көмек  көрсету.

          

           Функциялары:

1) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі оқуына және дайындық жұмыстарына қатынасу, сонымен қатар азаматтық қорғаныс іс-шараларын  ұйымдастырады;

2) Әскери жұмылдыру дайындығы бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету, жұмылдыру мәселелері бойынша шараларды  және  жоспарларды  жасақтау  және  орындалуын бақылайды.

Құқықтары мен міндеттері:

1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның  мүдделерін  білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне  мониторинг жүргізуді  тұрақты  негізде үйлестіреді;

3) мемлекеттік орган әзірлейтін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;

4) мемлекеттік органның бірінші басшысының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және мемлекеттік органның  жұмылдыру мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;

5) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы  іс-шараларды  әзірлейді  және  іске асырады;

6) мемлекеттік органға келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын  ұйымдастырады;

7) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттарды және мәліметтерді мемлекеттік органның    бөлімдерінен  сұратуға;

8) Консультативті-кеңесші орган болып табылатын терроризмге қарсы комиссиясының  отырыстарын ұйымдастырады, комиссияның іс-қағаздарының жүргізілуін  қамтамасыз  етеді;

9)      Терроризмге қарсы іс-қимыл  саласында  ахуалға  әсер ететін саяси, әлеуметтік экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау және  болжау жұмыстарын жүргізеді;

10)    Терроризмнің  профилактикасы, терроризм  көріністеріне  ықпал  ететін себептер мен жағдайлардың алдын алуға, оны жоюға,  террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында  объектілер   басшыларына түсіндірме жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады, қорғалуы бойынша жай-күйді зерделейді, проблемаларды талдайды, объектілердің паспортталуын  қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды үйлестіреді;

11) мемлекеттік органның басшысының келісімімен нормативтік құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнінде іс-шаралар мен мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін  басқа  бөлімдердің  қызметкерлерін  тартуға  құқылы.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім Қазақстан Республикасы  Президентінің  заңнамалық  актілеріне, Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сәйкес  өзінің  негізгі  міндеттері  мен  функцияларын  іске  асыру  үшін  қажетті  өкілеттіктерге  ие.
  2. Бөлімді Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  лауазымға  тағайындалатын  және  лауазымнан  босатылатын  басшы  басқарады.
  3. Бөлім басшысы  бөлім  қызметіне  жалпы  басшылықты  жүзеге  асырады  және  бөлімге  жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және  оның  функцияларын  жүзеге  асыруға  дербес  жауапты  болады.

 

-------------------------

Дата публикации
14 мая 2026