Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары және Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және Мамбетов Сырымбектің 2026 жылғы 04 наурыздағы                           №ЖТ-2026-00951936 өтініші негізінде Жылыой ауданы әкімдігі                          ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мамбетов Сырымбектің Құлсары қаласы, Береке ықшам ауданында орналасқан тұрғын үй құрылысы үшін берілген жалпы ауданы 0,2 га жер учаскесі Құлсары қаласынығ бас жоспарына сәйкес лагерь құрылысы үшін берілген жер учаскесімен беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 13 қарашасына дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі (Ж.Сабыров) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                                                Е.Нурланов

            

              Жылыой   ауданы  әкімдігінің

                                                                                                  2026 жылғы «___»  ________  

                                                                                                  №____ қаулысына  қосымша

 

 

Атырау облысы, Жылыой ауданы аумағындағы мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелерінің тізімі

 

№

Жер учаскесінің орналасуы

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің ауданы, га

Жер учаскесінің кадастрлық номері

 

1

 

Құлсары қаласы, Береке ықшам ауданы, №3 нүкте

 

Тұрғын үй құрылысы үшін

 

0,1 га

 

 

04-059-025-2437

 

 

 

 

2

 

Құлсары қаласы, Береке ықшам ауданы, №4 нүкте

 

Тұрғын үй құрылысы үшін

 

0,1 га

 

04-059-025-2386

 

                                                             Барлығы:

0,2 га

           

 

 

 

------------------------------

 

 

Дата публикации
14 мая 2026