Жылыой ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "06" наурыздағы
№ 84 қаулысымен бекітілген
"Жылыой ауданы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер, мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған табыс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері
- аудандық коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау, абаттандыру, көгалдандыру, тұрғын үй қатынастары, тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру жұмысы,энергетика және байланыс, сол сияқты осы салада тауар,жұмыс және қызмет көрсетулерді, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
1) құқықтары:
- құзыретіне кіретін аудан әкімдігінің және (немесе) әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді сұратуға, сондай-ақ мәліметтерді басқа мемлекеттік органдарға ұсыну;
- Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкімі мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде сапалы орындау.
- энергетика және байланыс кәсіпорнының жұмысын жетілдіру жұмысын уақтылы талдау;
- көше жарығын және басқа да аудан инфрақұрылымы объектісінің жұмысын жетілдіру және жүзеге асыру;
- энергетика және байланыс саласындағы жөндеу бойынша тапсырыс техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыру, соның ішінде:
- қоғамдық ұйымдардан, халықтан түсетін ақпараттардан жарықтандыру деректер банкін қалыптастыру, байланыс жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныс жасау;
- аудан аумағы бойынша тұрғын үй қарым-қатынасы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын жұмылдыруды іске асыру;
- пәтерді жекешелендіру, қағаздарын реттеу, бөлу, тіркеу жұмыстары;
- халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар;
- мекен-жайы бойынша есепке алужәне кезектілік тізім жасау;
- тұрғын үй көлемін жекешелендіру жөнінде азаматтардың арыздарын тіркеу және жекешелендіру келісім-шартын дайындау;
- меншік нысанына қарамастан босаған пәтерлерге жүйелі қадағалау жасау;
- пәтер қорын және тұрғын үй аймағын өз орнымен пайдалануын арнайы мемлекеттік қызметпен бірге тексеру жұмыстарын ұйымдастыру;
- бөлімге қатысты тұрғын үй сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау мәселелері;
- бөлімге түсетін азаматтардың өтініштерін, шағымдарын, ұсыныстарын қарау;
- бөлімге қатысты фунцияларды орындау үшін мекеме, ұйымдардан керекті құжаттарды, мәліметтерді алу;
- алмастыруды әзірлеу және тұрғын-үймен қамтамасыз ету есепке алу үшін қажетті құжаттарды азаматтардан талап ету;
- заң бұзушылық әрекеттері анықталған жағдайда құжаттар дайындау және беру жұмыстарын тоқтату;
- аудандық мекемелерден, аудан әкімі және аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен мәліметтер сұрау;
- мемлекеттік мекеме бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру.
3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
- мемлекеттік мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;
- мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттермен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
- бұйрықтарға, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады, олардың өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;
- заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан өкілдік етеді;
- жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға, қабылдауға, тіркеу және есепке алу бойынша дербес жауапты болады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату