Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және «Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 20 наурыздағы №06-03-10/381 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Амиева Меруерт және Жандос Абзалдың Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №128 құрылыс мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-007-1191 көлемі 0,0240 га, кәсіпкерлік мақсаттар үшін берілген жер учаскесі саябақ салу жұмыстарына кедергі келтіруіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2026 жылдың 10 қазанына дейін деп айқындалсын.

          4.7«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекетік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекші ететін орынбасарына жүктелсін.
  2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы                                                                                    Е.Нурланов

Дата публикации
29 апреля 2026