Абдолов Алмабек Дюсенбайұлы 1975 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Биология және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997-2002 жылдары Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалы жылдары гимназияның биология және география пәнінің мұғалімі;
2002-2003 жылдары Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мұғалімі;
2003-2008 жылдары №30 мектеп гимназиясының география пәнінің мұғалімі;
2008-2009 жылдары №4 Ю.Гагарин атывндағы орта мектебінің директоры;
2009-2010 жылдары №7 М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры;
2010-2015 жылдары №35 мектеп гимназиясының директоры;
2015-2018 жылдары Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары;
2018-2020 жылдары "Мақат аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін атқарушы;
2020 жылдан бастап, күні бүгінге дейін Атырау қаласында жеке мектептерде басқару құрамында қызмет еткен.