«Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысының анықтамасы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8 бабының 5 бөлігіне сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Осы талдау Майкөмген ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 15 тамыздағы  №42-ө өкімімен бекітілген «Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен жүргізілді.

         Талдаумен өкімде белгіленген аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.       

Аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдары тарапынан қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар мен олқылықтар нормаларының қайталануы анықталмаған. Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:  Ауылдық округі әкімінің өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.

 «Майкөмген ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны-4, нақты жұмыс істейтіндер саны-4, бос орын саны-жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар-жоқ. Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өтіп отыр.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.

         Құқықтық статистика органдарының деректеріне сәйкес есепті кезеңде Аппарат қызметінде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртәптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзып тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар фактілері жоқ.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Есепті кезеңде аппарат қызметкерлері арасында жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеу фактілері, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестестігі анықталған жоқ.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:  Ауылдық округі  әкімі аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады.

         2024 жылы мамыр-шілде айында Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер 2 жәрмеңкесi өткiзiлдi.

         Халық арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтердің танымдылығын арттыру мақсатында әлеуметтік желіге (инстаграм),  2 тікелей эфир 12 бейнеролик аудандық «Құлсары» газетіне 2 хабарландыру  жарияланды.

         Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

         Тұрғындарға ауыл әкімі аппаратының ғимаратындағы  электрондық үкімет «egov.kz» порталы арқылы  өзін-өзіне қызмет көрсету бұрышы  арқылы   2024 жылы  205 қызмет көрсетілді.

Бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша: Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары жоқ.

Жергілікті «Кең Жылой» «Құлсары» газеттеріне  және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында «Майкөмген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің атына сын айтылған теріс мақалалар жарияланбаған.

Майкөмген  ауылдық округі әкіміне 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жеке тұлғалардан – 5 өтініш, ал заңды тұлғалардан – 8 өтініш келіп түсті.  Ауыл әкімінің жеке қабылдауында 11  ауыл тұрғыны болды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексіне  сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақытында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Аппарат бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Майкөмген ауылдық округі  әкіміне ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексіне  Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

 

                                                                   

«Майкөмген ауылдық әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің сыбайлас

жемқорлыққа қарсы мониторингі

мен сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне талдау жүргізу

жөніндегі жұмыс тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Жұмыс тобының төрағасы:

                                                  

                                                                        Сауытов Нұржарық Сағиұлы

 

                                                                          Жұмыс тобының мүшелері:

 

                                                                  Махтаубаева Раушан Угинисовна

 

                                                                  Кудебаева Сандигул Матжановна

 

                                                                  Көшкінбаева Орынгүл Хамзақызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таныстым _____________ Сауытов Нұржарық Сағиұлы

                                             Майкөмген ауылдық округі әкіv

Дата публикации
04 сентября 2025