2025 жылдың қорытындысы бойынша Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындарға ЭСҚ алу, мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы, жылжымайтын мүліктің болмауы(болуы), жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы, психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру, наркологиялық ұйымынан анықтама алу жалпы  158  қызмет көрсетілді.

         2025 жылы Майкөмген ауылдық округі әкімі аппаратында жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен 2 рет мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi.

          Халық арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтердің танымдылығын арттыру мақсатында әлеуметтік желіге (инстаграм)-4 тікелей эфир, 12 бейнеролик, аудандық «Құлсары» газетіне 1 мақала, хабарландырулар  жарияланды.

          Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

          Ауылдық округ тұрғындарын электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету, қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін түсіндіру мақсатында тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, ЭЦҚ алу жұмыстары ұйымдастырылып, электронды үкімет порталының пайдаланушысына арналған Ескертпе нұсқаулықтар таратылды.

          Алдағы уақытта да көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын және электронды цифрлық қолтаңба арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру, қызмет алушыларға тиімді жағдай жасау бағытындағы жұмыстар басты назарда болады.

 

 

Дата публикации
19 мая 2026