Жылыой ауданының Қара-Арна ауылдық кеңесі ауданның 4 колхозы ізінде 1952 жылы құрылып, 1993 жылдың желтоқсан айында Қара-Арна ауылдық округі болып өзгертілді.
Округ территориясы бұрынғы «Қазақстан» совхозының жер аумағы негізінде батысы Мақат ауданымен, солтүстігінде Қызылқоға, Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен, шығысы мен оңтүстігінде Жем өзені және Жем ауылдық округі территориясымен шектеседі.
Ауылдық округтің орталығы Шоқпартоғай ауылы, аудан орталығы Құлсары қаласынан – 25 км.
Ауылдық округ әкімі Сағын Ербол Нұртайұлы 2025 жылдың 15 шілдеден бастап осы қызметте жасайды.
Ауылдың аумағы 5725 гектар. Халқының саны 3130 адам.
мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Б.Нұрмағанбетов көшесі, №374 үй.
Индекс: 060111
Телефон: 8(71237)26045
8(71237)26345
Электронды адресі: e.saginov@atyrau.gov.kz


