Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2024 жылға)
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, «Е-лицензия» порталы арқылы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша 9 /тоғыз/ мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді.
2024 жыл бойынша – Қызметті көрсетуден бас тартылғандар-1; қанағаттандырылған-2; түсіндірілді - 6.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты маманның ұйымдастыруымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2024 жылға 2 жәрмеңке, 1 іс-шаралар ұйымдастырылды. «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы арқылы - 930 қызмет көрсетілді.