Меню

Страницы

Статья

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің функциялары

Жалпы ережелер

1.1. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, Алматы облысы әкімдігінің қаулыларына, Алматы облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ жер қатынастары басқармасының ережесі мен бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.
1.2. Бөлім туралы ереже мен штат санын басқарма басшысы бекітеді.
1.3. Бөлім өз қызметінде тікелей бағынады және басқарма басшысының алдында өзіне жүктелген функцияларды іске асыруға жауапты болады.

2. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
бөлімнің құқықтары мен міндеттері

2.1. Бөлімнің миссиясы: жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
2.2. Бөлімнің міндеті: жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
2.3. Бөлім Қызметі:
- облыстың жергілікті атқарушы органының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау (ҚР ЗК 14-1, 84-баптары, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 65-бабы»);

- мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін жерді резервте қалдыру жөнінде ұсыныстар дайындау (ҚР ЗК 14-1-бабы));
- жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттың жобасын дайындау (ҚР ЗК 84-бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 65-бабы)»);
- жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы меншік иелеріне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға жазбаша хабарлама дайындау (ҚР ЗК 84-бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 65-бабы)»);
- жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер жүргізу (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 69-бабы»);
- мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын мүліктің құны туралы келіспеген жағдайда сот органдарына материалдар дайындау және сотқа қатысу (ҚР ЗК 84-бабы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 65-бабы»).

Дата публикации
22 декабря 2020
Дата обновления
22 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
22 декабря 2020
Жер қатынастары
22 декабря 2020
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің функциялары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы